Қыс – күштілер батылдар ептілер үшін

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.

Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады.
І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ: «Аңшылар» тобы

І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық