Күләш Ахметова (Қысқы бақта)
Сыңайы бар жер мен көк кінәласқан.
Ызаланған баладай жылады аспан.
Мыңқ етпейді шынардың діңгектері
Жасыл барқыт сияқты қына басқан.
Құқайларды көрген ол мұнан асқан,
Желге, күнге, аязға кеуде тосып,
Тұратындай мәңгілік құламастан.
Қар ызғары! Қарып тұр астананы!
Осы ызғардан нағыз қыс басталады.......
Ызаланған баладай жылады аспан.
Мыңқ етпейді шынардың діңгектері
Жасыл барқыт сияқты қына басқан.
Құқайларды көрген ол мұнан асқан,
Желге, күнге, аязға кеуде тосып,
Тұратындай мәңгілік құламастан.
Қар ызғары! Қарып тұр астананы!
Осы ызғардан нағыз қыс басталады.......
Өлеңдер