Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой......
Шығармалар
Толық

Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына

●•●• Қуантып, кейбірін жылататұғын сол бір күндердің алғашқы легі басталып та кетті. Нені меңзеп тұрғаным - еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бесенеден белгілі болар.. Тұрсынбек ағамыздың сөзімен айтсақ : "Ұлы бір күндік төңкеріс". Төңкеріс деуінде де мән жатыр-ау. Біз де сол сұрапыл кезеңнің батырлары емеспіз бе?! Қырғын арасынан.....
kz
Толық