Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар бермек
Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн доллар береді деп хабарлайды centralasian.org.
Жаңалықтар
Ал Қырғызстанның Ыстық көл облысында оба жұқтырды деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Оның бірі 21 жастағы Сары- Қамыш ауылының тұрғыны болса, қалған екеуі 12 және 2 жастағы сәби.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, үш тұрғыннан да аса қауіпті аурудың алғашқы белгілері анықталған.
Қауіпті індет шыққан өңірде тамыздың 30- на дейін карантин жарияланды.
Естеріңізге салайық, өткен жұмада Қырғызстанда "обаға" шалдыққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Белгілі болғандай, ол суырдың етінен әзірленген кәуап жепті.