Мұхтар Әуезов | Қырық өтіріктің мағынасы


Қырық өтірік — қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.

Бұл әңгімелердің өзгешелігі, бағасы неменеде? Өзгешелігі, халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады. Кейде, тіпті, өмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін, ұшқыр, өткір фантазияның тудырған әңгімелері және құр болмасты айтқан шылғи өтірік қана емес. Бұнда адам ақылының ізденгіш, шарлағыш серпіні де білінеді. Сонда жанды-жансыз табиғатты өзіне өзгеше түрде құл еткісі келген адамның әр алуан жорамалы байқалады. Мысалы, "құрықты қайық еттім, пышақты күрек еттім" дегені, "қарға міндім", "инелікке мініп, түлкі қудым" дейтіні, "түлкіге жүгімді арттым" дегені — барлығы да сол, жанды-жансыз табиғатты "дегеніме көндірсем" деген қиялдан туады. "Аспанда құстай ұшсам, суда балықтай жүзсем, алты айлықты алты-ақ аттасам" дегеннің бәрі бұрынғы заманда қиял ғана еді. Ондай қолда жоқ өнер жайын ертегі ғана баян етуші еді. Кейін, бүгін соның бәрі қол жеткен табыс боп отыр. Мына қырық өтіріктегі сөздің бәрі өмірде қаз-қалпында іске асады деп ешкім де айтпайды. Бірақ сонымен катар, осы әңгімелердің негізінде де көп мән бар. Адамның бар табиғат жайындағы фантазиясы білінеді. Бірақ бұл айтылғандар әзірше шындықтан алыс. Болды деуге ерсі. Сондықтан болмасты болды деп, қисынсызды қиыстырып айтқанына қарап еріксіз күлесің. .....
Әңгімелер
Толық

Қырық өтірік

Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі еткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. Хан бүлік бопты, хан еріксе халық ойыншық болыпты... Нақ осы айтқанның өзіндей заң, ұстараның жүзіндей хан, қаны тасып еріккен хан, шарап ішіп желіккен хан — халқына жар шақырыпты.

— Кім де кім......
Ертегілер
Толық