Құқық | Қылмыстың процестегі дәлелдеу заты
Қоғамда болып жатқан процестер экономикаға да, саясатқа да өзінің кері әсерін тигізіп, оның өмірде белең алуы жиі кездесіп жатады. Нарықтық қатынасқа көшу, шаруашылықтың жаңа нысандарын пайдалану, қоғамдық сананың бірден өзгеруі - қазіргі идеологияның, құқық жүйесі, моральдық нормалардың тоқырауға ұшырауына әсер етіп, қылмыстың белсенді бағыт алуына алып келді.
Егер 1996 жылы Қазақстанда 183977 мың қылмыс тіркелсе, 2002 жыл жоғарыдағы көрсеткіш 219901-ге өскенін көрсетті. Қылмыс әлемінде Қазақстан «қайта құрудан» өскенін дәлелдесе, ол қылмыстың ауыр түрлерінің өскенінен көрініп отыр. Мәселен, 2002 жылы 2625 қасақана адам өлтіру тіркелсе, бұл 2001 жылға қарағанда 7 %-ке өскенін көрсетіп, он жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе көп екенін дәлелдеп берді.
Жалпы қылмыстылықтың жас жеткіншектерге әсерін тигізбей қоймайтынын олардың қолымен іске асқан қылмысынан көріп, жасы толмағандар арасындағы қылмыстылықтың өсіп отырғанын байқауға болады. 1996 жылы Қазақстан бойынша кәмелетке жасы толмағандар қылмысы 13724 санын көрсете, 2001 жылы 16244-ке жеткендігімен ерекшеленеді.
Кәмелетке жасы толмағандар қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда.78,2% қылмыс олардың мүліктік қылмысқа барғанын көрсетсе, 49,4% қылмыстың жеке адам мүлкін урлауға бағыт алғанын, ал,17%-тің мемлекет және қоғам мүлкін тонауға, 11,2% қылмыстың тонау мен шабуыл жасап тонауды құрағанына куәгер боламыз.
Қылмыстық процесс ғылымында шешуін таппаған күрделі проблемалардың бірі ретінде қоғамға жат әрекеттерімен көрінген кәмелетке жасы толмағандарды ерте бастан тауып, алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі болып қалып отыр. Ал, бақылаусыз қалған жасөспірімдердің неліктен ондай халге жеткендігінің себеп-салдарын анықтау жеке тұрақты зерттеуді қажет етері сөзсіз. ....

Курстық жұмыстар