Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата
Армысың, қайырымды Жер - Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос - жаран..
Жылулық шеңбер.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қызықты математика (5 сынып)

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің
ІІ санатты математика пәнінің мұғалімі
Урисбаева Жанат Алдамуратовна.
5-сыныптарға арналған математика пәнінен
сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыс.



Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету
Түрі: cайыс cабақ
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар
Ашық сабақтар
Толық