Химия | Қорғасын Қорғасын өндіру

Қорғасын. Аса жылдам ұшатып, тарыдай ғана көлемі бар осы бір металл талай тарландарды да тұралатқаны белгілі. Сонымен бірге қорғасын өмірдс берері мол, ажалға ара турарлық та элемент.
Ал енді біз «жауынгер» іспеттес ұғыммен қалыптасқан қорғасын жайлы, оның өткені мен бүгінгісі, ертеңі жанлы айтпақпыз.
Көне кез, «кәрі» элемент—қорғасын адамзатқа өте ертеректен таныс. Қорғасын шамамен біздің эрамыздан 6 — 7 мың жылдай бұрын белгілі бола бастады. Өйткені қазбалардан табылған заттар соны анықтайды. Ертедегі адамдар қорғасын оңай балқығандықтан, сол кездің өзінде-ақ одан небір өрнектер құйып, ескерткіш заттар жасаған. Ал ертеректегі египеттіктердің табытынан табылған қорғасынға қарағанда, олар қорғасынды әшекей ретінде пайдаланған дей болжауға болады.
Алғашқы ақша қорғасыннан жасалған. Сондай-ақ кейбір көне заттарға жүгінсек, тұңғыш медаль да қорғасыннан соғылыпты. Оған жер шарының түкпір-түкпірінен табылған айғақ заттар дәлел. Қорғасын өзінің ертеректе қолданған салаларында қазір мүлде қолданбайды. Көне Римді қазғанда, Жер асты су жүйелері табылған. Ал су жүретін құбырлар қорғасыннан жасалыпты. Қорғасын таза сумен әрскеттеспегенмен, құрамында көмір қышқыл газы бар суда химиялық түзіліс беріп, суда ериді. Ондай сумен адам денесіне енген қорғасын, сүйектегі кальций элементін алмастырып, өмірді қысқартады. Ескі Римдегі адамдар өмірінің қысқа болуы да, міне,....
Курстық жұмыстар
Толық