Экономика | Қолма қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес банк жүйесі қалыптасты. Бәсекелестфік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу, салымдар көлемін кеңейту, клиентке қызмет көрсетудің материалдық-техникалық базасын кеңейту мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың табыс көздерін іздестіруде.
Сан қилы сыннан өткен банктер бәсекелестік ортада клиентура базасын кеңейтуде. Сол себебті заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет көлемін кеңейту, клиент қызығушылығын таба білу, есеп айырысудың жаңа нысандарын енгізу банктің басты басқарушылық жоспары болып табылады. Қазіргі таңда күнделікті жүзмыңнан аса аймақаралық төлемдер жүргізіледі, және банктер қоғамдық көзқарасқа негізделе қызмет етеді.
Тақырытың өзектілігі банктің басты стратегиялық мақсатына негізделеді, яғни клиенттерге сапалы қызмет көрсету, бірінші деңгейлі клиенттерді тарту және олармен ұзақ мерзімде серіктестік қатынаста болу, сонымен қатар клиентке қызмет көрсетудің түрілері қолма-қол және қолма қолсыз жолмен есеп-айырысудың мәні мен мазмұнына көңіл бөлуге, есеп айырысудың жаңа оңтайлы жолдарын іздестіруде, клиент алдында сенімділік танытып, банктің негізгі ресурстық базасы болып табылатын салымдар көлемін кеңейту және басқа да төлемдерді қабылдау аясын сапалы түрде қалыптастыруды көздейді.
Тақырыпты таңдауымның мақсаты-болашақ банк маманы ретінде банк жүйесінің дамуның негізі клиентерге сапалы қызмет көрсетуде, клиент қызығушылығын таба білуде деп ойлаймын. Банк экономиканың қалыптастырушы ұйым балып табылады, оның қалыпты қызмет атқаруы экономиканы тұрақтандыруға және дамытуға әсерін тигізеді. «Банк-ол оның клиентері»деген тұжырым бар банктің атқаратын барлық қызметтері клиентті тарту негізінде жүргізіледі, неғұрлым клиент саны көбейген сайын соғұрлым банк деңгейі өседі.
Тақырыптың міндеті клиентке қызмет көрсетулердің түрлерін, әдістерін,жаңа нысанын оқып білуде.
Жұмыстың зерттеу обьектісі- есеп айырысу-кассалық бөлімде клиентке қызмет көрсетудегі жүргізілетін операциялардың түрі, мәні мен мазмұны, орындалу тәртібіне негізделеді.
Жұмыстың бірінші бөлімінде клиентке қызмет көрсетудің басты аясы есеп-кассалық бөлімнің ұйымдық- құқықтық негізі мен жалпы түсінігі, клиентке қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына көңіл аударылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық