Әдебиет | Қасымның қаламы нұрлы ақын

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдың облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзінің «Жамбыл тойында» деген поэмасын окып берді. 1939 жылы Қасым Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан Шолакты көрген Ысқак, Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, өлең мен әннің думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолактың өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—-1941 жылдары Қасым творчествосында елеулі өзгеріс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Ғашық едім қайтейін», «Сонет», «Жолдас маршал» өлеңдерін жазды. Осы кез — акынның Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін «Бар дауыспен» деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың Маяковскийге бас иетініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл кезде ақында тұр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жағынан іздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғынбаев») поэмалары туады. ....
Рефераттар
Толық