Туған жер- қасиетті, қастерлі ұғым. Қиын күндер өтті бастан әр қазақтың, Ашаршылық бәрін көрді азаптың. Егеменді ел атанып нұрлы елім, Тәуелсіздік алған күн ең ғажап күн.
Маржан жырдан жүрегіме сыр тұнды , Мақтан тұтам қазақ....
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала.
Бақытым бар үшінші – Отан деген, Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.
М. Мақатаев
Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет Қазақ халқы
Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз. Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан. Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық......
«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар... Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Жерге теріңді төксең, Жеміске кенелесің. Халқың үшін қаныңды төксең, Абыройға кенелесің Бауыржан Момышұлы 9 мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Өйткені, 9 мамыр - фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні – Ұлы Жеңіс күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 71 жыл бұрынғыдай сыздайды. Ол күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Әлемді бақытқа бөлеген бұл қуанышты күн милиондаған бабаларымыз бен аналарымыздың қасиетті қанымен келді. Біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен жақындатқан аталарымыздың ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жері бүгінгі күн дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы – біз үшін үлкен мақтаныш, мол жетістік. Қазір Республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатадың мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды саясатының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. ......
Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим! Иә мән йухиққул хаққа би калиматиһи. Иә мән лә муъаққиба ли хукмиһи. Иә мән лә радда лиқазаиһи, иә мән иәхулу байнал мари уә қалбиһи. Иә мән лә йанфа аш шафаъату илла би изниһи.