Сен кейде қырын қарайсың, Мен кейде қырын қараймын Біреумізге орын жоқтай-ақ Ішінде зәулім сарайдың. Бетпе-бет келіп өзіңмен, Майданды талай сезінгем. Сойылмен соғыспағанмен .....
Қара сұр қалың мұздай қуқыл жазық, Үстінде аласапыран құм құлазып, Жөңкіген жойқын тобыр секілденіп, Тас бұрқан сұрапылын қырға жазып. Дауылы жоталарды жүндей түтіп, Қаңғыған құла дүзде құм құтырып. Жандырған селдір-селеу дала түгін Жалақтап қызыл жалын жел жұтынып. Жәндік те, жануар да, шошып аң да Тыным ап тұра алмаған осы маңда. .....
Ай мен күннің тұтылғанын кім құптар? Айтылуға тиіс бүкіл шындықтар. Ай нұры мен күн сәулесі қоршаған балалық деп аталатын құрлық бар. Балалықтың тәттілігін ұққанмын, бастауы сол — әлемдегі мықты әннің.......
Мына әлемде мазасыздық ұлғайған Сен де тулап жатырсың ба түрлі ойдан? Қаратауды түсірдің ғой есіме, Қара теңіз, есіміңді кім қойған? Шаншыласың көкке суды жарып тік, Шамырқанып шашырайсың, жарықтық! Екеуіңе қара деген сөз ортақ, Ортақ сосын сұстылық пен алыптық.......
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қайтіп Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір - біріндеп сөксе де, ....
Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен Бұлт шықты қаптап көктен. Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!», Жерді бір суарар деп қурап кеткен. Жауар деп тұрды халық үміт етіп .....
Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада .....