Отан үшін құрбандыққа шалынған қыз-жігітер!

1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын.
Сол кезде олардың шамасы...

Әңгімелер
Толық

Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақтың тақырыбы: Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.1.4.4. Ұсынылған үлгі бойынша сұлба құру.
1.1.5.11. Қарым-қатынастың түрлерін білу.
1.1.5.7. Өзінің рухани, моральдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу.
1.4.3.1. Мектепте тәртіп ережелерін сақтау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Мектеп және сыныптағы тәртіп ережелерімен танысады.
Көпшілігі:
Өз тәртіптерін құрдастарымен салыстыра біледі, топтық жұмыс ережесін сақтай алады.
Кейбір оқушылар:
Ойын барысында тәртіп ережелерінің маңызын түсініп, оның орнауына ықпал жасай алады..........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мен бәрінен де қандай заттарды жақсы көремін? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Мен бәрінен де қандай заттарды жақсы көремін?
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.5.8 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу
1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу
1.1.5.6 Өзіне және өзінің жетістіктеріне оң көзқараспен қарау
Сабақ мақсаттары: Сүйікті істі таңдау, бір-бірінің сүйікті затын анықтай алады.
Өзара қарапайым сұрақтар қояды және өзі де сұрақтарға жауап береді;
Өзіне және өзінің жетістіктеріне оң көзқараспен қарау..........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?
Осы сабақта қол жеткізілетін (ОБ сілтеме): 1.1 Мен және менің отбасым
Сабақ мақсаттары: 1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру
1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1 Өсімдіктер
Сабақ мақсаттары: 3.2.1.5 - сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Туысқандар, туыс

Туыс бауыр ағайындар туысым оңды болсын мынау сенің жұмысың, баршаңызға ақ жол тілеймін қашанда ертеңгі күн не боларын кім білсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Сатиралық ертегі: Үш келіншектің сыр айтысқаны

Бір күні үш келіншек су алуға шелек алып, суға барады. Судың басында үшеуі бір-бірінен сыр сұрасыпты. Сонда бірінші келіншек айтыпты:
– Мен осы күнгі күйеуіме тигенде менен мынандай жақпастық қылық өтті, келіншек-ау... Осы бар ғой, бір күні тигеннен кейін бірнеше ай өткен соң күйеуімнің бір жақсы, жақын құрдасы болушы еді. Сол күнде-күнде келіп, «бер» деп, мазамды ала берді. Сонан бір күні қара басып, «беріп» едім. Бірақ та түннің іші масахана құрулы еді. Сондай тар жерде тамашалап жатқанда, күйеуім есік қақты. Жаңағы құрдасы, түспегір, қайда тығыларын білмей, сасқанынан ол маған:
– Енді қайттім? – деді. Сол кезде мен айттым: «Тырп етпе, жата бер», – дедім де, есікті аштым.
Қолына домбырасын алып, күйеуім де келді. Ол кірместен тұрып, көрпеше салып, жерге жата қойдым. Шамды жақтым да, көрпешеге отырғызып:
– Осы жұрт сені асқан ақын, жорғадай күйші дейді. Сен сол күйіңді тартшы, – дедім.
– Соны естуге құмартып отырмын, – деп, асыла түстім. Ол домбыраны алып, күйді күйлетіп отырды. Сонда мен:
– Осы сен күйші болсаң, көзіңді жұмып тартшы, домбыраның пернесіне қарамай, – дедім. Ол, байғұс, еш нәрсемен ісі болмай, көзін жұмып, тарта бастады. Ептеп еліктетіп, «Ой, сенің көзің ашық отыр», – дедім. Ол онан сайын көзін қатты жұмды. Сол кезде баяғы масаханадағы құрдас жігітті шығарып жіберіп, өзім қасына қайта келіп отырдым да:
– Ой, ақыным-ай, рақмет! Жұрт мақтарлықтай екенсің, – деп, көтеріп қойдым......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Шайтан мен Алдардың айтысқан сыры

Түлен, Құлан, Алдар – үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп, дем алады. Дем алып отырып, әңгімелеседі.
– Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз, – дейді Алдар шайтандардан сыр ұрлағысы кеп.
– Айта көрме. Еш нәрседен қорықпаймызың не? Біріншіден, Құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек, көрінім жерден қашып жүреміз. Кәпірдің бетін аулақ қылсын! – дейді Түлен мен Құлан отырып.
– Жарайды, сабаздарым, – дейді ішінен Алдар.
– Әлде сен еш нәрседен де қорықпайсың ба? – дейді шайтандар отырып Алдарға.
– Айта көрме, ойбай! Қорықпайдың не? – деп, Алдар ыршып түседі.
– Неден қорқасың?
– Ойбай, айтуға да қорқамын.
– Қой, айтудан қорыққаны несі?
– Иреңдеген қазы дегеннен, кірпі сияқты қарындаған май дегеннен, одан кейін қара торсықтағы қымыз дегеннен жаман қорқамын. Кәпірдің беттерін аулақ қыл деп, солар бар деген жерден күндік жер аулақ жүремін.
– Жарайсың, сенің де сырыңды білдік, – дейді шайтандар ішінен.
Біраз отырып, дем алғаннан кейін шайтандар тұрып, жүрейік десе, Алдар тұрмайды.
– Мен жүрмеймін, – дейді.......
Ертегілер
Толық