Тұрсынбек Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасауды қолға алды.

Карантин уақытында халық үйге қамалды. Ал, жомарт жандар қолынан келген көмекті жасап, қайырымдылықпен айналысуда. Әсіресе, өнер жұлдыздары бұдан қалыс қалар емес. Олардың ішінде Тұрсынбек Қабатов бар.
Жаңалықтар
Толық

Қайырымдылық-игі іс

Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.

Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.......
Эсселер
Толық

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Қайырымдылық – ізгілік дәні (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Қайырымдылық – ізгілік дәні
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан )

Пән: қазақ тілі және әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу.Қайырымдылық қадірлі іс.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу
3.4.1.1 дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.
Сабақ мақсаттары: Кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді, мәтін құрастыра алады Кейіпкерге сипаттама беріп үйренеді.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді үйренеді;
х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазуды үйренеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бастауыш сынып | Имандылық жүрекке ұяласа

Тәрбие сағат тақырыбы: «Имандылық - жүрекке ұяласа»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Тәрбие сағаттар
Толық

Социология | Қазақстандағы қайырымдылық қорлар

Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл - ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан- жақты айтылып, зерттеліп келуде.Әрине қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт.
Қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-« қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.
Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған жаңа ілімнің аудармасын қайта қарап, ондағы «caritas» және «love» деген сөзбен алмастырған, яғни «достық», «махаббат» деген сөздерімен береді. Шындығында алғашқы христиан дінінің іс- әрекеті мен ойы соның дәлелі. Осы тұрғыда алғанда оның қырлары көп, оларды басқа да әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар қарастыруда. Ал социологияға келсек, біз ғылым қайырымдылықты әлеуметтік институт, процесс ретінде қарап, осы құбылысты социологиялық нақтылы зерттеулер арқылы негіздейді. Қайырымдылық мәселесі социологияда ауқымы өте кең жан жақты проблема болғандықтан, оны социологияның бір саласы немесе салалық социология деп те түсінуге болады.Сонымен, қайырымдылық проблемасын зерттеу социология ғылымының міндеттерінің бірі деген тұжырым жасаймыз.
Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.
Бұл проблема жөнінен Кеңес Одағы кезінде ғылыми еңбектерді ізденулерде орын алмады. Ғылымда қайырымдылық өзекті мәселе ретінде қарастырылмады. Ал, шын мәнісінде Кеңес Одағы кезінде де нақты өмірде, мұқтаждық, жоқшылық, жетімдік көрген, азғындаған адамдар саны аз болған жоқ. Түрлі ауруларға шалдыққан, мүгедекте жетім- жесір адамдардың Кеңес Одағы кезеңінде орын алғаны белгі. Бұрынғы үкімет қаулыларында және партия съездерінде, әрбір бесжылдық жоспарларында халыққа жақсы тұрмыстық жағдай жасап үнемі жазылып, жарияланып отырды. Олар- жалақыны көбейтіп зейнетақы төлеу, көп балалы аналарды материалдық көмек жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тегін орта және жоғары білім беру, медициналық көмек тағы басқалар. Бұлардың түрлері көп болды. Бірақ, барлық халық бұл жеңілдіктермен түгел қамтылмады, қамтылғандарына көрсетілген ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу

1. Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің теориялық негізі
1.1 Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу және оның зерттелу жайы
Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан
ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан,
баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан
жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол
адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.
Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты-ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу. [2.5]
Бұгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие-қазақ азаматының мінезін
қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты тәрбиелеу....
Курстық жұмыстар
Толық

Қайырымдылық

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қайырымдылық жасай білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
Ашық сабақтар
Толық