Қайталау. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Координатамен берілген есептер шығару (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспары: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Қайталау. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Координатамен берілген есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу;
кесінді ортасының координаталарын табу;
кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу;
центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 білу;
берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу;
түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 );
координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын анықтайды;
центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін жазады;
берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады, сондай-ақ оны салу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана алады;
екі нүкте арқылы өтетін түзудің жалпы теңдеуін жаза біледі;
бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып берілген теңдеулері бойынша түзулерді салады;
екі нүктенің арақашықтығын табу, кесіндінің ортасының координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу формулаларын, центрі (a,b) нүктесінде және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін, түзудің теңдеуін қолданып есептер шығарады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық