Информатика | Қайталану операторы

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz)а,б цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,,=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді пайдалануға болады.
Стандартты типтер
- бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
- нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
- логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)....
Курстық жұмыстар
Толық