Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді.
XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасындағы таласты жерлер Сыр бойы қалалары болды. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығына қараған Сыр бойы қалалары оның ізбасарлары тұсында Шайбаниліктерге (өзбектерге) тиесілі болды.
Тоқымдай жер үшін жан беріскен таластар болып жатты. Есім хан 1598 жылы Ташкентті алып, оны Қазақ хандығының астанасы етеді. 1798 жылы Уәли тұсында Ташкентті қоқандықтар басып алады. Осыдан кейін Қоқан хандығының агрессиясына Оңтүстік Қазақстан өңірі, Жетісу ұшырайды.
1864-1865 жылдары Перовский мен Веревкин бастаған орыс әскерлері Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт секілді қалаларды қоқандық езгіден азат етеді. Көп кешікпей орыс әскерлері қоқандықтардан Хиуа, Ташкент секілді ірі қалалардағы алып қоқандықтардың үстемдігіне біржола нүкте қояды. Ендігі кезекте реформаларға толы Ресей құрамындағы өмір басталады.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан жері Генерал-губернаторлықтарға бөлінді.
1917 жылы қос бірдей революцияны өткерген Ресейде Кеңес өкіметі орнады. Елде біртұтас Совет халқын қалыптастыру шарасы қызу жүргізіле бастады. Коммунистердің көзсіз көсеміне айналған В.И.Ленин «Әр ұлт өзін-өзі билеуге құқылы» деп ....
Курстық жұмыстар
Толық