Мен елімнің патриотымын!

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп......
Шығармалар
Толық

Мен, Қазақстанның патриотымын!

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Атасу кенті Ю.А.Гагарин атындағы
орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі
Саденова Меруерт Айдарқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын!
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақстан патриоты

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның өзіне тән Ата заңы, мемлекеттік Рәміздері бар. Қазақстанда мекен еткен адамдар Отанын, елің, жерін құрметтейді. Туған жерді, өз халқын сүйетін адам - нағыз патриот. Батырлар, ақындар елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасқан. Осындай патриотық сезімі жоғары тұратын батырларымыздың, ақындарымыз, желтоқсан құрбандары арқасында өзіміздің елімізді, ұлттылығымызды, тілімізді, салт-дістүрімізді сақтап қалдық. Қазақ халқы намысты қолдан бермейтін ұлт деп ойлаймын. Ата-бабамыз талай ғасырлар бойы елім, жерім үшін деп осындай ұлан-байтақ жерді, тілді, салт –дәстүрді бізге қалдырды. Ендігі біздің басты парымыз, осы мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Біз батыр бабаларымыздан патриоттық тәрбие аламыз.......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақстан патриотымын

Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар.
Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар.
Бұлар қазақтың нағыз патриоттары!
Автор.

Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.

Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.

Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде

Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.

Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақстандық патротизм

«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны А. Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз.....
Шығармалар
Толық

Ұлтшылдықтың кепілі - патриоттық сезімде

Қазіргі уақытта патриотизм тақырыбы Қазақстан Республикасында өзекті мәселелердің бірі болып тұр.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында да оқу саласының тәрбиелік мәнін күшейту жөнінде ерекше атап көрсетті. Тәрбиелік мәніне патриотизм де жатады. Ең бастысы, біз патриоттық сезімнің......
Шығармалар
Толық

Халық салт-дәстүрі құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы, Қазақстан тарихына енетін он негізгі идеяның бірі – патриотизм.Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қай елде, қай заманда болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән берілген, өйткені бала ата......
Шығармалар
Толық

Патриот

«Патриот, патриотизм» барлық адамда болу керек сезім! Әр адамның өз еліне, туып -өскен жеріне деген сезімі шексіз. Жалпы «патриотизм» сөзі өз еліне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі. Қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз өз жанын, қанын қиды! Дұшпандарға қарсы тұрды!
Ал, біз қазір сол бір бабаларымыз алып берген тәуелсіз елде, жерде......
Эсселер
Толық

Мен елімнің патриотымын

XXI ғасыр білім мен ғылым, технология заманы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болар. Менің ойымша, бала тәрбиесі әр ата-ана үшін бірінші орында. Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" дегендей, отбасындағы тәрбие арқылы ғана бала елінің нағыз патриоты, елі мен жерін сүйер азаматы болып қалыптасады. Менің пікірім бойынша, баланың болашағына толғанар және ойланар отбасы көп....
Шығармалар
Толық