Экономика | Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі

Астана қаласында 2007 жылғы 15- қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы нарығы бұған дайын болуы және Үкімет бұл мәселеге қамдануы керек. Жұмысты келісе жүргізу керек»,- деді.
Соңғы жылдары бізде, өзіміздің жағдайларымыздан туындайтын кез келген тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдеу үшін нарықтық экономикасы дамыған батыс елдердің тәжірибесіне сүйену дәстүрге айналды, ал бұл танымның салыстырмалы әдісі ретінде қабылдауға болмайтын шара. Бірақ, сонда да егер осы дәстүрге сүйенер болсақ, онда бұл жерде осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын американдық Ұлттық жоспарлау ассоциациясы мамандарының мемлекеттің алдына қойған міндеттерінің мәнісін айта кетуге болар еді: «Уақыт талабына сай ғылыми-техникалық прогресс қарқыны жағдайында кәсіпкерлер және әсіресе үкімет басшылары өнеркәсіпті орналастыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға, өнеркәсіптік қуаттың өсуіне, қорларды бөлу бағдарламаларын бағалауға тікелей қатысы бар бағдарламалық мәліметтермен өздерін қамтамасыз ету үшін бірқатар жылдарға алдын ала көз жіберуі керек». Дәл осындай міндеттердің алға қойылуы мен қарастырылуы Франция, Жапония, Туркия және көптеген басқа елдердің экономикалық жүйесі үшін де тән болады. Бұл елдерде жоспарлау нарықтық индикаторлар мен макроэкономикалық сипаттағы ірі мәселелер шешімін ұзақ мерзімдік болжау және бағдарлау арасында біріктіруші рөлді атқарған және атқарып келе жатыр.
Жапонияда мысалы, 70 жылдардан бастап, өндіргіш күштер мен өнеркәсіпті орналастыруды жетілдіру мәселелері ең алдымен елдің барлық аумағындағы еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау мен ескі өндіріс орындарының қайта жарықтануын сенімді түрде жәрдемдесу тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бұл көзқарас мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу қызметінің маңызды бағытын білдіреді.
Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар арасында қаржылай- бюджеттік қорларды бөлу мен пайдалану шешуші рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындаудағы шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындардын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек. Басқа елдердің тәжірибесі, бүгінгі мұндай шектеулер болашақ уақыттағы жағымсыз жайттарды тудыратындығын дәлелдейді. Бұл ең алдымен, халықтың денсаулығының нашарлауы мен тұтастай алғандағы демографиялық жағдайдың, сондай-ақ өндірістің ғылымды қажет ететін салалары дамуының бәсеңдеуіне қатысты.....
Курстық жұмыстар
Толық