Құқық | Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары

Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.
Жеке құқықтар мен бостандықтар.
Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.
Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған.
Ешкімнің өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.
Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзінің болмасынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.
Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегімен пайдалануға құқылы.
Адамның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткені ол өзін және өзінің жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей сезінетін кез-келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет – саналы түрде сезінген, айналып келгенде, оның жеке ішкі және сыртқы қасиеттеріне айналған «қанына сіңген» жеке тұлға ретінде сипаттайтын, адамның дамушы ізгі мінез-әрекеттерінің сырттай бейнеленген көрінісі ретінде түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. ....
Рефераттар
Толық