Құқық | Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуы

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1990 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халықжаңа жағдайға бейімделіп келді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенн паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады.
Тәуелсіздік – біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажрамас бөлігі. ....
Курстық жұмыстар
Толық