Құқық | Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ....
Рефераттар
Толық