Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы

Қазақстан 16,5 млн. адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потен-циялы да бар. Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 млн. га, оның ішінде егістік жер 36 млн. га, жайылымдық жер 182 млн-нан астам га және шабындық жер 5 млн.-ға жауық га құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 га жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан жамыған көптеген елдердегідей әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн. тоннаға жуық астық, 1,5 млн. тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн. тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірірілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы қаракөл өойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың өнеркәсіп кеше-нінің бірінші сферасы (І қор шығаратын) машина жасау, микро-биологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады. Агроөнер-кәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және «Манкентживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғасын зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлер бар. Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын үйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сферағаД(І) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, туқыммен, тыңайт-қышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бүл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шауашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне песие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық