Экономика | Қазақстандағы БАҚ ты зерттеудегі маңызды мәселелер

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек...ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайтарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.
«Газеті жоқ жұрт, басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйлеп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» дей отырып, А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің тұңғыш санында «Әуелі, газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі, екінші, газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай дейтінім жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады, үшінші, газет-халыққа білім таратушы, төртінші, газет-халықтың даушысы» деген.[1] ....
Курстық жұмыстар
Толық