Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасының 1ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференциялары

Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі

Кіріспе
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.
Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

Кіріспе
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы

Кіріспе
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді. Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес. Сұранысты бағаға икемдеу жасайды және фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар, баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін ақша аударулар. ҚР № 209-2 2001 ж. 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық құқығы | Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері

Кіріспе.
¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық