Экономика | Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы

Бағалы қағаздар айналысын қамтамасыз ету және қор нарығын реттеу, дамыған мемлекеттердің нарықтық жүйесіндегі күрделі әлеуметтік – экономикалық проблемалардың бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының даму дәрежесі қоғамның тұрақтылығы мен макроэкономикалық даму индекаторының басты көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қағаздар нарығының қалыптасуы, қаржы жүйесінің сауығуы мен өндірістің құлауын жеңу шешуші нәтиже болып табылатын, жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен тығыз байланысты деп қарастырылады. Ол жай батыс нарықтарының көшірмесі және бір моменттік процесс болуы мүмкін емес.
Бұл қалыптасқан жағдайды зерттеуде, адекваттық нарықтық экономикаға бағалы қағаздар нарығының моделінің қалыптасуы және даму қажеттілігі шығады. Оның жалпы заңдылықтары және де өтпелі экономикадағы спецификалық ерекшеліктері болуы керек. Бірақ, берілген проблемаларды зерттеуде теориялық, тәжірибелік және реттеуші аспектілердің өзара байланыс және шарттастық сияқты тәжірибелік және теориялық жаңа әдістемелері, бағалы қағаздар нарығының толық функционалдануының басты шарты болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасу және даму проблемаларын, алыс және жақын шетел экономистері де зерттеген.
Орыс экономистері: Аликсеев М.Ю., Алехин Б.И., Бакушев Б.В., Машина М.В., Миркин П.М., Мусатов В.Т., Павлов С.В., Певзнер.П.А., Сизов Р.К., Трахтенберг И.А-дың еңбектері белгілі.
Батыс экономистерінің ішінде бағалы қағаздар нарығының функционалдану проблемаларын зерттеген: П. Берже., Дж.М.Кейнс., Ш.Отто, Э.Роде, П. Роуз - дың еңбектері белгілі.
Бұл проблеманың әртүрлі аспектілері мен жалпы нарықтық экономика теориясымен байланысын Қазақстан ғалымдарының: Я.А.,Аубакиров Е.Б. Жатқанбаев, Г.Д. Қарағусов, А.К. Қошанов, К.М. Нәрібаев, С.Н Нысанбаев, У.К. Шеденов - тың еңбектерінде көрсетілген.
Реформа кезінде Қазақстанда іске асқан, институционалды қайта құрулар - жекешелендіру, меншік формаларының өзгеруі, инвестициялық саясат, отандық қор нарығын қалыптастыру мен дамуының негізі еді.
Қазақстанда қор нарығы, акционерлік қоғамдар құру нәтижесінде пайда болды. Қор нарығының пайда болуы корпоративтік бағалы қағаздар айналысымен шартталған. Акционерлік меншікті таратуда, бағалы қағаздардың ролі артады, себебі, олар бос ақша қаражатын инвестициялық қорға рационалды түрде айналуын қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық