Қадыр Мырза Али (Көне көрініс)

Сол баяғы ғұмырды
Салады еске аулалар.
Босатқанда шығырды
Салдырлайды қауғалар.
Екі темір тіреуге
Есулі сым керілген.
Кілем жайып біреулер,
Кейбіреулер кір ілген.
Тас дуалға тіреліп,
Тағы бір шаң шұбады......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Шопан)

Тұрмын деп астанада, нән қалада,
Алмаймын таңдана да, паңдана да,
Біз жүрміз автобуста сығылысып,
Сен болсаң бір өзіңсің маң далада .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Халық)

Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"
Ә дегеннен ғибрат алып келем.
Ұлттар үшін
Жүз томдық жыр сездігі
Ұлы сөзден басталар
ХАЛЫҚ деген.
Шөңге де өлең,
Шөп те өлең,
Темір де өлең
Дей алмаймын, бауырым, өмірде мен......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар)

Кімді аяйды есіргендер,
Қызғаңдар?! -
Қасиетті ұғымдарды сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Жи, бауырым .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы)

Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда. .....
Өлеңдер
Толық