ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамнын мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап)

белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшінш іден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше белгілері баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұнын, өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататан соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнін баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.....
Рефераттар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы

КІРІСПЕ
Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және екіншіден, ескерту шараларына қарамай қылмысты деп танылған әрекеттер жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған. Осы екінші қызметті іске асыру барысында кейбір қылмысты деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп қана қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде «заңдылық» қағидасының сақталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді.....
Курстық жұмыстар
Толық