Экономика | ҚР Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде".
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурсын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықшы нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әртүрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық