Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ

Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағытабиғи газ қоры1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұный мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл правинцияларының болашағы зор. Қазақстан металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торгай теміркен бассейінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте тем ір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлагтар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Алатау темірмаргенец бассейінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер – 80млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақбай темір кен орындарында 500 млн. темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде, Атансарда, Қаратаста, Иірсуда және т.б. жерлерде табылған ....
Рефераттар
Толық