Бақыт Жанғалиева (1947 жылы 11 маусым)

Бақыт Жанғалиева (1947 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Айшуақ ауылы - 24 маусым 2017 жылы Алматы) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері (1998).
Алматы қәнсерватәриясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория») бітірген (1970). 1968 жылдан Қазақ академиялық драма театрында актриса. Жанғалиева осы театр сахнасында Бәтима (Т.Ахтановтың "Антында"), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Айман (М. Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Шырын (Н.Хикметтің "Фархат - Шырынында"), Ақбала (Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тері"), т.б. рольдерді орындады. Гастрольдік сапармен Ресей, Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, т.б. шет елдерде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен. Сондай-ақ, "Соңғы ызғар", және "Намыс" кинофильмдеріне түскен. "Құрмет" грамотасымен марапатталған. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Біржан Хасанғалиев Ескендірұлы (1978 жылы 1 ақпан)

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан). ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2017).

Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген.
Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғали Орманов (1907 - 1978)

Ғали Орманов (15.8.1907, Алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын.

Қазақ педагогика институтын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрлан Әлімжанов Баянғалиұлы (1984 жылы 29 сәуір)

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2011). ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері.
Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген.
Әкесі - Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды.
Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар 1937 жылы)

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Марфуға Айтхожина Ғалиқызы (1936 жылы 25 тамыз)

Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).

Өмірбаяны
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Күйеуінен күнде таяқ жейтін ақтөбелік келіншекті полицейлер мазаққа айналдырды

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлдана Тұрғалина күйеуінің соққысынан шаршаған келіншектердің бірі. Тұрмыстық жанжалдан әбден мезі болған ол әйелдер құқығын қорғайтын ұйымға жүгінгісі келеді.
Жаңалықтар
Толық

Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті

Алматының бірнеше ауданында белгісіз адамдар тобы полицияға шабуыл жасап, нәтижесінде үш бірдей тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. Сондай-ақ, бір бейбіт тұрғын көз жұмып, бірқатар полицейлер ауыр жараланған.
Жаңалықтар
Толық