Алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзінің Instagram парақшасында белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаеваға ұқсас әйелмен түскен суретін желіге салып, оқырмандарын қызықтырып қойды деп хабарлайды nur.kz.
Ғаламтор желісінде шетелге демалуға кеткен продюсер Баян Есентаеваны қазақстандық композитор Тұрым Алакөзовтің үлкен ұлы Тұрсынғали Алакөзовпен көңіл қосуы мүмкін деген болжам тез тарады.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған. Мұғалім Иманғалиден… Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында. Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші. 1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген. Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012). «Shine» тобының вокалисті (2010-2012). Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды. Кинодағы рөлдері:....
Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы». Білімі 1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген Қызметтік өтілі Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қ күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған. Жүргізген хабарлары ....
Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері. 1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді. 1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Өмірбаяны....
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»). Өмірбаяны Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....