Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Тыныштық сақшылары

Мешітбай Құттықов — Қазалы ауданы Бозкөл ауылының перзенті. 1951 жылы Қазалы ауданындағы Максим Горький атындағы орта мектепті (Қожабақы ауылындағы №25 орта мектебі) бітіріп шығады. Қызылорда педагогикалық институтын тіл-әдебиет мұғалімдігі мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, аудандық білім бөлімінде инспектор қызметін атқарады. Бұдан соң екі жылдық әскер қатарында болып, автомобиль әскерлерінің кіші лейтенанты дәрежесінде запасқа шыққан. Мешітбай Құттықов сол кезгі аудандық партия комитетінің жолдамасымен ішкі істер саласына қызметке жолданады. Милиция майоры М. Құттықовтың саналы өмір жолы ішкі істер саласының қызметімен байланысты. М. Құттықов өзінің еңбек жолында Қазалы және Арал аудандарының мемлекеттік автоинспекциясында басшылық қызметте болды. Ақын. 1977 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өткен. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қаламгер, қоғам қайраткері Мешітбай Құттықов — «Құс жолы», «Ар-намыс», «Қайырлы түн», «Сапар», «Арал аспаны» атты жыр жинақтарының және «Аяқталмаған ән», «Қайдасың, Арал?» атты прозалық кітаптардың авторы. 1971 жылы Қазақ ССР-ы Ішкі істер министрлігі жариялаған республикалық конкурста «Бетпе-бет» атты поэмасы арқылы бірінші жүлдені жеңіп алып, арнайы дипломға ие болған М.Құттықовтың азаматтық үнге толы өзге де негізгі поэзиялық, прозалық және публицистикалық шығармаларымен қатар, өз саласы – ішкі істер саласы қызметкерлерінің өміріне арналып жазылған өлеңдері де аз емес. М. Құттықовтың ішкі істер саласы қызметкерлерінің өміріне арналып жазылған өлеңдері мектеп және арнаулы орта оқу орындары қабырғасындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінде жасөспірім санасында мемлекет және құқық теориясында баян етілетін құқықтық сана, құқықтық тәртіп, құқықтық мәдениет ұғымдарын қалыптастыруда да, салауатты өмір салтын орнықтыру және рухани-адамгершілік тәрбиесінде де елеулі қызмет етіп тұрады.

Ақынның өлеңдеріне сілтеме: Мешітбай Құттықов



Деректер негізінде сайтқа ұсынған:

Ғабиден Қожахмет .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Жеңіс күні немесе туған жер ұғымы

Станса басынан колхозға қарай бастай беретін аттылы-жаяу талай жол қылған қара жолдың бойында жол қапшығын арқалаған Жеңіспен оралып келе жатқан солдат келеді. Солдаттың дәл қазір қай майданда соғысқаны да, оның қандай бөлімде соғысқаны да маңызды емес. Бәрінен де маңыздысы – оның туған ауылынан мүлде жырақ жерде өткен соғыстан кейінгі өзінің туған жерін – қазақ ауылын сағынып келе жатқандығы.

Солдатты енді бір сұрақ қинайды. Ол алдынан шыққан ақ шашты ананың: «Менің ұлымды көрмедің бе?» – деген сұрағы. Ақ шашты ана ұлынан «қара қағаз» алған екен ғой. Мүмкін ақ шашты ананың ұлы мен соғыстан қайтқан солдат құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жандар шығар? Мүмкін екеуі майданға да қарайлас алынған шығар? Бірақ соғыс алақандай ғана ауылдың көлеміндей жерде өткен жоқ қой. Мүмкін екеуі екі майданда соғысқан шығар? Көрмеген.

— Тілектестің көкесін көрмедің бе?

Қара торы келіншек солдатқа үмітпен қарайды. Тілектестің көкесінен де «қара қағаз» келген екен ғой. Бірақ Тілектестің көкесінің де, ақ шашты ананың ұлының да сүйегі жат жерде қалып қойып, солдат өзінің ауылына аман-есен келіп тұрғанына жазықты емес қой.

Рашид Мұсабаев орындайтын «Жеңіс күні» әнінің мына бір сөздерінде (музыкасы Д.Тухмановтікі, сөзін жазған В.Харитонов, сөзін аударған Бегілдә Алдамжар) соғыстан қайтқан солдаттар Аналарға есеп береді:.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мұғалімдер күні бүгін

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен


«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.

«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.

Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Білімділер)

Жоққа бәрін шығармай бұрынғының
Жаңалығын ап келді бүгінгі күн.
Соны игерер ұл-қызға дана қазақ
Күні жарық деп кеткен білімдінің.

Білім жолдан іздеген табады асыл
Деді де ұстаз ізденді жаңа тәсіл.
Ұстаз-сөзге немкетті.....
Өлеңдер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Бөбекке тілек)

Сеніменен атаң-әжең нәрленді,
Әр қылығың ана жүзге әр берді.
Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
Құлағына шырылдаған ән келді.

Әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,
Қуанысты, жүрек....
Өлеңдер
Толық