Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Адыраспан киелі өсімдік

Адыраспан
Адыраспан гүлі
Адыраспан - түйетабандар тұқымдастарына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабағы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30 - 80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз - күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл - шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - өседі......
Ғылыми жобалар
Толық

География | Су тіршілік көзі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, оны пайдаланады, бірақ қорғамайды, суды ластаудан жұқпалы ауру тарайтынын түсіне бермейді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:
Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. «Сусыз тіршілік жоқ» ұғымын практикалық жұмыстар арқылы дәлелдеу.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдық:
► Өздігінен әдеби кітаптарды ақтарып іздену.
► Осы жобаны іске асыру, тәжірибеге енгізудің міндеттерін белгілеу.
► Суды қорғау – баршамыздың парызымыз.

Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия, қосымша оқулықтар, интернет желісінен алынды.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:
Жобаның негізгі тұжырымдамаларын, арнайы сабақтарда, сыныптан тыс сабақтарда тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады.
Жобаның құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, қорытынды мен үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жобаның құндылығы: дүниетану сабағында пайдалануға болады.
Жобаның ұсыну формасы: зерттеушілік.
Жобаның нысаны: экологиялық жағдай. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Зең саңырауқұлақтары

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:
Адамның өміріндегі зең саңырауқұлақтарының рөлін бағалап, олардың басым түсетін оң немесе теріс әрекеттерін анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Бастауыш сынып оқушылары зең саңырауқұлақтарының тұрмыстағы пайдасы мен зиянын жақсы білу керек.
ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
1. Неліктен саңырауқұлақтар ерекше патшалық екендігін білу.
2. Адам өміріндегі зеңнің теріс рөлін анықтау.
3. Адам өміріндегі зеңнің оң рөлін анықтау.
4. «Екі жақты» салыстыру және басым түскен рөлді анықтау.
5. Зең саңырауқұлақтарының дамуы үшін қажетті жағдайларды тәжірибелік түрде анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ:
Егер біз зең саңырауқұлақтарының оң және теріс әрекетін бағаласақ, онда олардың биосферадағы заттардың айналымында үлкен рөлді атқаратындығы туралы қорытындыға келеміз......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Қазтамақ гүлінің пайдасы

ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280 - ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10 - 80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама - қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, шілде - қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Қызылша пайдасы көп

Адам денсаулығы үшін қызылшаның қандай пайдасы бар және оларды қалай пайдалану керек екендігін жайлы айту. Олардың денсаулыққа пайдасы көп екенін дәлелдеу. Жер - жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.
Зерттеу болжамы:
Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.
Кіріспе
Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік. Ол орташа суыққа ғана төзімді, әртүрлі пішінді болады. Қызылша тағам үшін де, ем үшін де өте пайдалы. Аурудан тез айығу үшін ежелгі грек дәрігерлері қызылша шырынын ұсынған. Ол асқазан - ішек ауруларына, әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданылады.. Аш қарынға 100 - 200 грамм қызылша жеген жөн. Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болғаны пайдалы. Белоктарды ажыратып, бойға сіңіреді де зат алмасуға жақсы әсер етеді. Оның бойындағы холин бауырдың қызметін күшейтеді, сондай - ақ бауырмен өт жолдары және қан аздық ауруының алдын алып, шипа бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Бектауата маңындағы арша өсімдігі

Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай - ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi - дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі. Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.....
Ғылыми жобалар
Толық

Информатика | Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі

Кіріспе
ХX және XXI ғасырлар тоғысындағы ғылыми - техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны – оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда.
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Үй өсімдіктері адам өмірінде

Ғылыми жобаның мақсаты
Үй өсімдіктер түрлерімен танысу, теориялық білім алып қана қоймай олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.

• Ғылыми жобаның міндеттері: Үй өсімдіктер туралы ақпарат жинау;
• Интернеттерден дерек көздерін қарастыру;
• Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау;
• Үй өсімдіктермен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу;
• Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;

Ғылыми жобаның өзектілігі
Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке - жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл – күйін жақсарту факторларын зерттеп анықтау.

Ғылыми жобаның болжамы:
Егер “Үй өсімдіктер - адам өмірінде” туралы толық мағлұмат алып, эксперимент түрінде дәлел тапсам, онда алған білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламын
Күтілетін нәтиже:
• үй өсімдіктер түрлері туралы деректі көздер жинақталады
• интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығым артады.
• эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілетім қалыптасады.
• сараптамалық, зерттеушілік мәдениетім дамиды.....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Мағжан Жұмабаевтың Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері тәрбиелік мәні

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Мектеп бағдарламасынан да білеміз. Мағжанның “Шолпы” атты өлеңінде қазақ қызының өн бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпыны өте таза шынайы суреттеуі байқалады. Сондықтан Мағжанның “Шолпы” өлеңін оқи отыра, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мағжанның “Шолпы” өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу;
Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.....
Ғылыми жобалар
Толық