Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (7 сынып)

7 – сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар

Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де......
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (2,3,4 сынып)

Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып


(25 баллов)
Тегі, аты (фамилия , имя)___________

1. Тест тапсырмаларын орында. (5 баллов)
1) Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 32
Ә) 45
Б) 42
В) 25
2) Білім күні балалар қайда барады?
А) саяхатқа
Ә) мектепке
Б) дүкенге......
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Тарих | Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: "Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген. Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды.
Тақырыптың мақсаты: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі еліктеуіш сөздерді

Кіріспе
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз.Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.
Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы:Бір мезгілде бас жағында сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тарсылдатып келіп қалды (3б).. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді (3б)-деген сөйлемдердегі сатыр-сұтыр, сырт-сырт, арс еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тұр.
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым Л. Н. Харитонов . ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Кіріспе
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады.
Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр.
Ластанудың негізгі себептері:
● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың
апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.....
Курстық жұмыстар
Толық

Балалардың ай сайынғы даму көрсеткіштері

✅ 1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды.

✅ 2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді.

✅ 3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады.

✅ 4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді.

✅ 5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады. ......
Кеңестер
Толық

Неліктен жаз мезгілінде балалардың іш өтуі көбейіп кетеді

- Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады. ......
Кеңестер
Толық

География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АГРОКЛИМАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЕҢІСТІК-УАҚЫТТЫҚ ТАРАЛУЫ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.
Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол жасауы

Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе.
Сонымен, жасауға кіретін заттар:
9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
төсек-орын (спальный гарнитур)
сандық
3 көрпе тыстары (апарған көрпелерге сай болуы керек)
2 жастық
2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный
ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек
кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан ......
Кеңестер
Толық

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,» деді. ......
Кеңестер
Толық