Сүлеймен Баязитов | Неше жыл өтсе де тарих білмек


Ақын С. Торайғыровтың 1993 жылы Баянауыл ауданының

Мойылды алқабында өткен 100жылдық мерейтойынан Естелік



Қазақ әдебиетін, бейнелеп айтқанда, алып шыңға теңер болсақ, оның басынан мәңгілік ақша қар арылмайтын, қатар орналасқан ұлылы-кішілі екі шырқау биігі қазақ әдебиетінің классигі – ұлы Абай мен жас кетсе де кемеңгер, данышпандығын алты алашқа әйгілеп кеткен Сұлтанмахмұт Торайғыров дер едік. Бұл шыңдық ақынның жүз жылдық тойында араларын жарты ғасырға жуық уақыт бөлетін қазақ әдебиетінің бір құстың қос қанатындай екі алыбына көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым әдебиет әлеміндегі тарихи орындарын анықтап, әділ бағаларын берді.

Біз сондықтан да бұл мәселеге көп аялдап жатпадық. Ат басын қара Ертістің Кереку өңірінде басталған ұлы ақынның 100 жылдық тойына келген қонақтармен бірге Арқаның ару өңірі Баян баурайына қарай бұрамыз.

Облыс орталығына ақын тойына арнайы келген қонақтар мінген автотранспорт легі жаздың жайма-шуақ күнінде көк мұнарға бөленіп қалғып тұрғандай әсер қалдыратын Ақбет тау асқар шыңы көрінген тұста, дәлірек айтсақ ,кеншілер ордасы –Майқайың поселкесінің тұсында тойға қатысуға келе жатқан қонақтарды аудан басшылары мен еңбекшілер өкілдері құшақ жая қарсы алды. .....
Әңгімелер
Толық

Самса сатып аларда сақ болыңыздар (видео)

Кеше кешкісін сайтымыздың редакциясына бір оқырман хабарласты. Айтуға қарағанда, Жетісай-Алматы бағытында автоубспен келе жатқан жолаушылар, Сарыағаш-Шымкент жолы бойындағы самса сататын орында келеңсіз іске куә болған.
Жаңалықтар
Толық

Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма?

Ұлттық бірыңғай тестілеу мәтіндеріне Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтардың енгізілуіне журналистер кінәлі боп шықты. Талапкерлерге арналған сынақтағы ерекше сауалдарға байланысты анық-қанығын білмек болған тілшілерге Білім және ғылым министрі осылай тап берді.
Жаңалықтар
Толық

Адам мінезін саусақ таңбасына қарап анықтау

Саусақтарыңыздың бас жақ бөлігіне жақсырақ үңілсеңіз, сызықтардың белгілі бір бағыт бойынша орналасқанын көресіз. Бір қарағанда ол сызықтар доға, ілмек және бұйра болып көрінеді. Олардың әрқайсысын жеке талдайық.
kz
Толық

Қазақстан кино саласынан әлемді мойындатуға әзір

Біздің елді кино өндіру саласында көштің соңында қалған дейді кейбір білгішсымақтар. Олар адуынды режиссерлар мен талантты актерлардың еңбегін көрмейді-ау, шамасы. Ел не десе, о десін! Бірақ біз бұл жолы әлемді мойындатуға әзірміз. Өйткені Қазақстанда «Марс. Бірінші контакт» атты ғылыми-фантастикалық фильм түсірілмек. Жалпы сюжеті....
kz
Толық