Тәуелсіздік-ел ертеңі

Туған елім – тірегім!
Н.Назарбаев
Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз......
Шығармалар
Толық