Мәңгілі Ел

Тұғыры биік, Тәуелсіз елім - Қазақстан Қазақ тарихы – XIV-XV ғасырлардағы Керей мен Жәнібектің қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет құруынан бастау алады. Ата – бабаларымыздың төккен маңдай терінің, еткен еңбегінің арқасында бүгінге жетіп отырмыз. Бұрынғы зиялы қауым өкілдері қалың бұқараның санасын оятты, қиындыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренада қазақ елін танытты . 1986 жылы жалынды жастарымыз да тәуелсіздік жолында құрбан болып кеңестік билікке қарсы шықты. Әміршіл – әкімшіл жүйеге қарсы шыққан жастардың демократиялық қозғалысы жеңіліске ұшырағанымен, қазақ жастары нағыз жігерді, бостандықты, нағыз тәуелсіздік жолындағы күресті көрсете білді. Таусылмас күш–жігердің, сарқылмас ерліктің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәңір сыйлаған тіуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізге жету үшін көзсіз ерлік жасап, өз күшімізді сарп еттік. Жас мемлекет алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Бірақ қазақ елі аз уақыт ішінде гүлденіп, тамырын тереңге жая білді. Өсіп-өркендеу үшін тың жобалар мен ауқымды идеялар жүзеге асырылды. Қазақ елі көзді ашып жұмғанша өз еңсесін тіктеп үлгерді. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, бірлік пен ауызбіршілікте өмір сүруде. «Шешен - сөз бастайды, көсем – қол бастайды» демекші, қазақ елінің көсемі бола білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кемелді келешегімізді ауқымды идеялармен өрнектеп, бағыт-бағдарымызды анықтап берді. Елбасымыз әр кезеңде келешекке үлкен мақсат қойып, көптеген міндеттер жүктеді. Бұл ауыр жүкті көтеру жастарға да міндеттелді. Болашаққа қадам басар алдында жастардың рөлі зор еді. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050», «Нұрлы жол, «Болашақ» бағдарламалары ел дамуына елеулі үлес қосып, бойыңа – қуат, ойыңа – қанат бітіргендей болады. Қазірде елеулі жұмыстың нәтижесінде бүкіл әлем Қазақстанды мойындап отыр. Жаһандану заманында алпауыт елдермен іргелес, тереземіз тең, бәсекелес болып отырған жайымыз бар. Осының бәрі – «Нұр аға» деп құрметтейтін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің кемеңгер саясаты мен кемелді идеяларының арқасы. Елбасын бүкіл қазақ елі, тіпті бүкіл әлем зиялылары мойындаған. ......
Шығармалар
Толық