Жеңіс жыры

Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын........
Шығармалар
Толық