Әжемнің әңгімесі

Мен сіздерге өзімнің әжем жайлы әңгіме айтқым келеді. Өйткені, мен- әжемнің ең сүйікті немересімін. Менің әжемнің аты-Сабира. Менің әжем өте әңгімешіл кісі. Жас келгесін бе, әлде біздерді қуантқысы келеді ме екен өзі жайлы, балалық шағы жайлы айтқанды жақсы көреді. Менің әжемнің балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіпті.Соғыс басталғанда, әжем небары он жаста ғана екен. Әжем жасынан өте пысық, өмірге бейім, сөзшең кісі болған. Тоғыз жасында-ақ анасынан айырылған әжем әкесінің оң қолы болыпты .Өзі бойы кішкентай ғана шағын қелген кісі. Ісінің тыңғылықтылығына тәнті болған көрші кемпір«Өзі қолбасындай, қолбасындай болса да, қорғасындай » деп әжемді мақтап отырады екен. Әжем әкесі және Күнзия деген әпкесі мен Жүсіп деген інісі төртеуі Арал маңындағы темір жол бойындағы бір ауылда тұрыпты. Алдында әпкесі болса да отбасының жауапкершілігі өз мойнында болыпты.Әпкесі өзінен үлкен болса да ,алғырлығына риза болған әкесі әжеме көп арқа сүйепті. Ерте ер жетіп, тірлікке араласуына соғыс кезінің қиыншылығы әсер етсе керек. Үш жасар інісі әпкелеріне еркелеп өсіпті. Әкесі Жұмағали азаннан қара кешке дейін теміржолда жұмыс жасапты.Тылда қалған кәрі-құртаң,бала-шағаға бас- көз болсын деді ме , әлде тышқандай үш жетімнің де себебі болды ма,әйтеуір әкесін соғысқа алмапты. Қолы қалт еткенде үйінің отын-суы , малдың шөбін қамдап бір тынбайды екен. Күз аяқталар кезде әжемнің әкесі бір түйесіне мініп, екінші түйесін жетекке алып, өзіндей адамдармен бірігіп, Сыр бойына кететін болған. ...
Шығармалар
Толық