Рухани жаңғыру

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Рухани жаңғырудың негізі - халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы - ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.......
Шығармалар
Толық

«Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдеріндегі ән мен өлең құдіреті

Абай Құнанбаев- өнегелі өмірін өлеңмен өріп, артына мәңгілік мұра қалдырған қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның шығармашылығынан орын алған махаббат, табиғат лирикалары, саяси, әлеуметтік, өнер тақырыптарының қай-қайсысы болмасын, өзіндік өрнекпен, айрықша сезіммен ......


Құлақтан кіріп бойды алар «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдеріндегі ән мен өлең құдіреті
Шығармалар
Толық

Құт мекенім - ҚазҰУ

Ән мен жырдың бесігі саналатын киелі Жаңаарқа өңірінің дарабоз дарындар мен толағай таланттардың басын қосқан мерейлі мекен екені баршаға мәлім. Жаңаарқа- бұл Сарыарқаның саңлағы болған Сәкендей серінің, одан кейінгі Арқаның аяулы әншілері И.Омаров, Қ.Байбосыновтардың, қазақтың дара ......

Шығармалар
Толық

Мәдениеті өскен ел — өркениеті көшкен ел

«Қазақтың қасиетті жерінің асты да-байлық, үсті де-байлық» дегендей біз дамыған елдерден ең бай елдердің біріміз. Біздің отанымыз әр қайсымыз үшін де өте қымбат, құнды. Бұрынғы Қазақстан жерінен қазіргі ......
Шығармалар
Толық

Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар

Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны- ұлы Абай атамыздың жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері – күллі әдебиет тарихында бұрын-соңды болмаған соны құбылыс. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып ......

Шығармалар
Толық

Биыл — Астанаға 20 жыл!

2018 жылы 6-шы шілде де Қазақстан Республикасының алтын шаһары – Астана қаласы 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл үлкен жиынға бүкіл қазақ жұрты дайындалып, асқақтатып тойлатпақ.Әрине, ол түсінікті жағдай, себебі Астана күні......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздіктің бағасы

Тәуелсіздік бабалар армандап өткен, бағасы жоқ тым қастерлі дүние. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің....
Шығармалар
Толық

Ерлік – ел мұраты

Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?!
Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!
Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?!
Мұхтар Әуезов


... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады, таусылғанда айласы.
Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші......
Шығармалар
Толық

Денсаулық – адам өміріндегі үлкен байлық

«Дені саудың жаны-сау», «Бірінші байлық-денсаулық» деген қанатты сөздер арқылы ата-бабаларымыздың денсаулыққа көп көңіл бөлгенің аңғарамыз. Тіршілік иесінің ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын сақтауды қажет етеді.

Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданып денсаулыққа зиянды заттарды қолданбау басты қажеттілік. Бұрынғы ата-бабаларымыз табиғи өніммен тамақтанып, еңбек етіп жанын шынықтырған. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

Бүгінгі заманда біздер салауатты өмір салтын....
Шығармалар
Толық

Интроверт: өз ағымымда өмір сүрсем...

Интроверт - бұл сабырлы, өзінің шешемдерін, ойларын сынауға бейім, тыныш, тіпті көпшілік ортасынан бас тартқан адам. Ол шешім қабылдауға байсалды қарайды және кенеттен импульстарға берілуден гөрі алдын ала жоспарлауға және ойлануға бейім. Ол кез-келген тәртіпті ұнатады, моральдық нормаларды жоғары бағалайды. Ол өз сезімдерін басқарады, оны есінен тандыру қиын. Ол қоғамда және қажет деп санамайтын тақырыптарда әңгіме жүргізіп, энергиясын жоғалтады. Соңғы жылдары интроверттердің әдеттері мен қажеттіліктері туралы көп ғылыми жаңалықтар ашылды. Тіпті, миды сканерлеу....
kz
Толық