Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Агробизнес

Нарықтық экономика – еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Экономикалық реформаларды іс жүзіне асыру, бірте-бірте нарықтық қатынастарға көшу, дамыған елдердің тәжірибесін жан-жақты оқып үйрену, қоғамды иделогиядан босату сияқты факторлар уақыт өте келе біздің отандастарымыздың санасында адамдардың өзара пайдасы және жалпы игілік жолында бизнестің өндірістік, жасампаз қызмет ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар – жер, еңбек және капитал. Американдық экономист И. Шумпетер бизнесті өндірістік төртінші факторы ретінде қарастырады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іы-қимылын күшейтуші факторлар ретінде түсінеді.
Бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады.
Бизнесмендердің экономикалық қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті рынок жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойлайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайда қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп, ұйымдастыру керек. Алғашқыда экономика туралы бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға немесе алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінеді.
Бизнестің өзіне тән белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акйионерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болп келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы

“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт.
ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген.
– Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік түсім¬дердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл ақпарат алғымыз келер еді.
– 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд. доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген.
– БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады? Олардың тиімділігі қандай?
– Өндірістік технологиялық желілер құ¬ры¬лысына, зауыт құрал-жабдықтарын және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңар¬туға әріптестер күрделі салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2004-2006 жылдар¬ғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкін¬дік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытыл¬ған газ өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Әйелдер құқықтарының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында реттелуі

БҰҰ құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бүгінгі таңда бұл ұйым өз өміршеңдігін танытып, зор халықаралық авторитетке ие болып отыр. Қазіргі күнде бейбітшілікті қамтамасыз етуде БҰҰ бiрқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл ұйым осы күнге дейін келіссөздер процестерін басқарып, аймақтық дауларды тыйып келеді. Сонымен қатар, адамдарды оқыту, олардың потенциалдарын ашуға үлкен зейін қойып, оған орасан зор ресурстар жұмсап келеді. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және планетаны ядролық қарудан қорғау жөніндегі ғаламдық бағдарламаны қалыптастыруда. Адам құқықтары саласында маңызды істер атқарылып келеді. Өйткені, БҰҰ Жарғысы ұстанған негізгі қағидалар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық саладағы халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді мадақтау боп табылады. Осы негізгі қағидалар БҰҰ-ның адам құқықтары үшін күресiнде басшылыққа алынады.
БҰҰ-ның ең ұзақ мерзімді мақсаттары әйелдер өмірі жағдайын жақсарту мен өз өмірін тиімді бақылау мақсатында мүмкіндіктер беру боп табылады. Бұл мақсатта Әйел құқықтарын қорғайтын авторитетті халықаралық институттар құрылған. Олар: Әйелдер мүдделерін дамыту жөніндегі БҰҰ қоры – ЮНИФЕМ, Әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу институты – МУНИУЖ және т.б. Әйелдер білімін арттыруға және жағдайларын жақсартуға арналған бағдарламалар олардың арасындағы сауаттылық деңгейін дамушы елдерде 1970 ж. 36%-дан 1990 жылы 56%-ға арттырды. БҰҰ-ң құрылымында әйелдер мәселелерін шешу үшін экономикалық және әлеуметтік кеңес жанында әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссия құрылған. Ол 1946 жылдан бастап, осы күнге дейін қызметін тоқтатпай келеді. Оған әр түрлі мемлекеттердің өкілдері мүше болып табылады. 1980 жылдан бастап, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Сарапшылар Комитеті жұмыс істеуде. БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Вена орталығында әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде Бөлім орналасқан. 1993ж. басында БҰҰ құрылымында тұрақты даму және саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі Департамент жұмысын бастады.
БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелері – ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ВОЗ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) және т.б. өз құзыреті шегінде әйелдер мәселесімен айналысады. Әйелдер жағдайын жақсартуды зор үлес қосқан – БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламасы (ПРООН). Оның бүкіл әлемде өкілдері бар да стратегиялық мақсаттарды орындауда тез қызмет атқаруымен ерекшеленеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еуропалық Одақ және Қазақстан

Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:
• Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты;
• Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету;
• Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу;
• Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу.
Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды.
Тақырыптың хранологиялық шеңбері. Курстық жұмыс 1995 жыл мен одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтарды қамтиды.
Тақырыптың теориялық - методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінің негізінде алынған. Ал методологиялық негізі хронологиялық, салыстырмалық әдістер негізінде шықты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеуге соңғы жылдары шыққан кітаптар, мақалалар пайдаланылды, және де мемлекет басшыларының арнайы сөздері пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық авторлар еңбектері және Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыс тақырыбының бұрындары зерттелуі. Отандық және Ресей тарихнамасында бірнеше осы тақырыпқа қатысты еңбектер бар. Осыған қарамастан Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы толық зерттеулер жүргізу қызықта әрі болашағы бар жұмыс. Сондықтан осы жұмыс арқылы тақырыптың ашылуына сәлде болса өз үлесімді қосуды жөн көрдім......
Рефераттар
Толық

Экономика | Есептік талдамалы ғылымдарды саралау

Қалыптасушы нарықтық тетік бизнестің жағдайы туралы мәліметтерді алу мен өңдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Экономикалық ғылым мен оның мазмұны осы заман жіктеліміне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ақпараттық, есептік-талдамалы және бақылаушылық басқару міндетті істері (функциялары) бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит үшеуінің аралас ғылыми пәндер түріндегі бірыңғай блокта беріледі. Бұл-тарихи, әдістемелік және ақпараттық аспектілерді өзін-өзі ақтаған ұғым. Нарықтық қайта өзгерулер тереңдеген сайын корпорация, компания және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінде бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың рөлі мен маңызы арта түсуде.
Бүгінгі танда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр.
Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті-сәйкестіке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және тағы басқаны бөлу болып табылады. Бұл бухгалтерлік есептің, Қаржылық-экономикалық талдаудың аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындады.
Кез келген бизнесті ойдағыдай сәтті ұйымдастыру қалыптасқан жағдайды жүйелі талдаусыз және бақылаусыз мағынасы болмайтын шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты.
Бизнесті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстарының қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Құбылыстың мәні мен өзара байланысын түсіну, бизнестің жағдайы мен келешекте дамуын зерделеу аудит пен қаржылық-экономикалық талдаудың арнайы әдістерін кешенді пайдаланудың негізінде ғана мүмкін болады. Деректерді уақытылы бақылау саралап баға беруге мүмкіндік береді және әр түрлі қатысушылардың,атап айтқанда, инвесторлардың,қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы бизнестің тиімділігін артырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Кешенді аудит пен талдаудың қажетті әдісін таңдау бизнесті басқаруда оңтайлы шешімдерді қабылдауды негіздеу және қамтамасыз ету бойынша алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды жүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- 3 -
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
• Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЕҢБЕКАҚЫ

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбекақы шегерімдері

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.....
Рефераттар
Толық