Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс екі елдің ұстанымдарының, екі елдің көздеген мақсаттары ұқсас келетіндіктен қарқынды темпен дамуда. Екі елдің бір-біріне көмек көрсетуге қызығушылық танытуы 1990 жылдардың басында-ақ екі ел арасындағы достық қатынастардың орнауына алып келді.
Турция алғаш Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап (1991 жылдың 16 желтоқсаны), еліміздің халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуіне ат салысқан мемлекет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы Түркия үшін бұл аймақта туындайтын мәселелерде шешуде көмек көрсететін серіктес ел ретінде қарастырылды.
1991 жылдың 15 наурыз күні Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасының арасында маңызды келісім-шартқа қол қойылды. Бұл келісім шарт негізінде екі жақ өкілдері екі ел арасында саясат, сауда-экономика, ғылыми-техника саласы, экология, өнер, гуманитарлық білімдер, информациялық сферада қарым-қатынастарды дамытып, тереңдете түсу мәселесін талқылады. Бұл отырыста ұсынылған мәселелер 1994 жылы «Достық пен қарым-қатынас» келісім-шартында жүзеге асырылды.
Декларация негізінде екі елдің байланысын достық негізде, БҰҰ мен Хельсинктегі қорытынды акт, Париж хартиясы мен СБСЕ-ның ұсынысы негізінде өрбітуде көздейді.
Табиғат байлықтары жағынан бірін-бірі толықтырып отыратын бұл екі шикізатқа бай мемлекет бір-біріне көмек көрсетіп, біріккен жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылық жоспарлау мен болжау

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қоғамдық өндіріс

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберіде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады-өнім қауым мүшелері,құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды,ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсібір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуді өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында-дара еңбек, екінші жақта-еңбек жағдайын меншіктеуші. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қызмет мотивациясы

Неге адамдар жұмыс жасайды? Неге кейбіреулері жеңіл жұмыс жасай отырып, наразы болады, ал кейбіреулері ауыр жұмысты жақсы көңілмен істейді. Адамдар жақсырақ және өнімдірек жұмыс жасауы үшін не істеу керек? Жұмысты қалай қызықтырақ етуге болады? Осы және көптеген басқа да сұрақтар адамдарды басқару барысында пайда болады. Ұйымның жетекшілігі өте жақсы жоспарлар мен стратегиялар жасап, үйлесімді құрылымдар тауып, ақпаратты берудің және өңдеудің тиімді жүйелерін құрып, ұйымда ең жаңа құрал – жабдықтар орнатып және ең соңғы технологияны қолдануы мүмкін. Алайда, егер ұйымның мүшелері қажетті түрде жұмыс істемесе, өздерінің міндеттерін орындай алмаса, ұйымда өзін сәйкесінше ұстамаса, өзінің еңбегі арқылы ұйымның басты мақсаттарын жетуіне бар күшін салмаса, бұл ұйымның күш салуы нәтижесіз болып шығады.
Адамның жұмыс жасауға деген дайындығы және ықыласы ұйымның қызметіндегі ең негізгі фактор болып табылады. Адам машина емес, оның жұмысы қажет болған жағдайда «қосу», ал қажеттілігі жоқ жағдайда «өшіру» мүмкін емес.
Адам жақсы көңіл – күйлі және ықыласты бола отырып, құндылықтардың нақты бір жүйесіне сүйене отырып, орнатылған нормаларға және жүріс – тұрыс ережелеріне бағына отырып жұмысты «адамдандырады». Бұдан адамдарды тиімді басқара білу мүмкін емес деп айтуға болмайды. Керісінше, адамды іс – әрекетке, белгілі бір істі атқаруға не итермелейтінін түсініп, білсе, еріксіз көндіруге қарағанда адамды басқаруға мүмкіндік туады. Нәтижесінде ол қызметкер ұйымның өз мақсаттарына жетуі тұрғысында өз жұмысын ең жақсы түрде орындап, ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады.
Адамды тек оны мотивациялау арқылы тиімді басқаруға болады. Адамның қызметінің негізінде қандай мотивтер бар екенін білген жағдайда ғана адамдарды тиімді басқарудың тәсілдері мен формаларын жасап шығаруға болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚР шет елдер инвестициясы

Мемлекетімізде Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей шет
елдер инвестициясымен және жаппай жұмылдыруды қолданумен
тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес “ Шет елдер инвестициясы жөніндегі” инвестиция бұл –барлық бағалы заттар мүлігі және оларды қолдану жөніндегі құқығы,жеке ой құқығы тағыда басқалары туралы.

Қазақстан өз кезегінде шет елдер инвестицияларын бақылай отырып, капитал қаражаттарының, технологияның қосымша көзі ретінде, маркетинг және басқару облысы-нан тәжірибе жинау жөнінде ұлттық қызығушылықтың дәрежесін түсірмеу. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р Ұлттық банкі

Орталық банктер бүкіл елдің кредит жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие, «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы кредит беруші» ролін атқарады, ақша-кредиттік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру және елдің кредиттік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-кредиттік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлейуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компаненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-кредиттік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-депозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрлымын және деңгейін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір
түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр.
Мақсаты: Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Міндеті:
• Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
• Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
• Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері....
Рефераттар
Толық