Экономика | «Булак 2003» ЖШС- нің Сатып алынған тауарлардың аудиті

Қазіргі экономикалық жағдайға сай кез келген ұйымның (өндірістік ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі- барынша максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз бәріміз білеміз. Сауда- бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым, тауарды сатып алу- сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай- өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп, тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.
Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау


Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

“Байсерке Агро” ЖШС өндірісінің көмекші және қызмет көрсету процесстерін ұйымдастыру"

Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты.
Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | “Байсерке Агро” ЖШС – ң тарихы және өнім өндірісіне сипаттама

Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты.
Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. Қалдықтар аралас жем өндірісінде шикізат қызметін атқарады. Өз кезегінде ұн мен жарма да нан зауытында, кондитерлік зауыттарда және макарон өндірістерінде шикізат болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары

Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
Қазақстан республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің 90 пайызың салықтық түсімдер құрайды.
Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет. Ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн. Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады. Ауылшаруашылығының салықтық төлемдері мемлекетке түсетін барлық салықтық түсімдердің шамамен 1% құрайды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл селодағы әлеуметтік жұмыс

Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларынжеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі обьектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуынабағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процесстердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың әртүрлі құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процесстердің заңдылықтарын, принциптерін және дамуын зерделейді. Қоғамдағы жеке адамның құқықтарын және еркіндіктерін, олардың динамикасын, психологиялық, педагогикалық және басқару факторларын ықпалы нәтижесінде қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың қажеттіліктеріне, нақтылы жағдайлардың талаптарына байланысты қоғамдағы өтіп жатқан процестерге ықпал жасайтын өзгеше бір қызмет. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.
Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық мәліметтермен бірге берілген ....
Курстық жұмыстар
Толық