Қытай жұртында ескi заң бар, бiреудi алдағандығы мойнына түскен кiсiнiң қолын кесе-тұғын. Бiр төре осындай iспен күнәлi болып, әлгi айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлi төренiң жас қыз баласы әкем үшiн жауап беремiн деп, мәлiм болды. Қызды патшаға алып келiстi.
– Тақсыр, патшам, – дедi қыз, – менiң әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшiн қолынан айрылуы керек болды, мiнекей, тақсыр, әкемнiң қолы, – деп өзiнiң қолын көтердi. – Бұл қол да менiң жазықты болған атамның.....
Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты:
— Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы.....
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық.....
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: - Сен неге атыңа мінбейсің? - деді. Бала қамығып: - Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді. Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне.....
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты: - Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда....
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады. Шешесі айтты: - Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін....