Тілі мықтының – елі мықты
Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар