Таудағы қыз

- Таудағы қызды көрдің бе? Таудағы қызды танисың ба? Таудағы қыз бар емес пе...-деген кішкентай Көркемнің таусыз ауылдағы қайдағы тауды айтып, қайдағы тау қызын айтатынын ешқайсымыз түсінбесек те, қайта-қайта қайталанып мезі еткен сұрағына "иə,жоқ" деп жауап бере салушы едік. Көркем көкек айында төртке келгенмен, ойы тым жүйрік айтқанды бірден ұғып алатын, һəм өзі де көп нəрсені ойлай алатын пысық қыз. Өзінен екі-үш жастай үлкен екі ағасының қасында жүріп, əрі солармен ілесіп, ұлдардың арасында жалғыз қыз болып, ұлдарша ойнап үйреніп кеткендікткен болар өзін кейде ұлдарға ұқсатып, солардың істеген қылығын қайталауға əуес. Топыраққа аунап дала ойынына тойып, кеш бата үйге кірісімен, үйдегі қос ағасына ұрынуға көшеді. Қашан көрсең де, үшеуінің бірін-бірі қуалап, бір-бірімен алысып-жұлысып ойнап жүргені. Осыдан бір айдай бұрын салынып біткелі ұзақ тұрып қалған үйге жаңа көршілеріміз көшіп келді. Жаңа көршілермен танысуды үлгертпей қайғылы хабар қара бұлттай үйіріле қалды. Көршіміздің жеті жасар ұлы қаза болғанын естігенде жағамызды ұстадық. Расында да,адам шошырық жағдай, оның үстіне, балаға не болғаны да белгісіз. Бұл бір жұмбақ, əрі тылсым оқиға... Арада өткен біраз күндерден кейін ойнап жүрген балалардың аузынан "қайтыс болған бала..." деп айтылып жүрген сөзді естіп, не дерімді білмедім. Ауыл балалары ойнайтын, жаңа үйдің дəл жанында улкен үйулі тұрған саз бар болатын. .....
Шығармалар
Толық