Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. ......
Шығармалар
Толық

Патриот болу-әрбір қазақтың парызы

Ұлтарақтай емес,ұшан теңіз, ұлан-ғайыр асты-үсті қазба байлыққа толы жері бар, көз алартқанға қаймықпай қарсы тұрып, Алашын қорғайтын намысты, жүректі ері бар, күн санап көркейіп жатқан дәулетті де сәулетті елі бар, тілім-тілім болса да, табанға түсіп тапталмаған тілі бар,талай азап көрсе де, теңселмеген діңгегі берік діні бар, арқа сүйеп мақтанатын текті халқы бар, сананы сілкіндірер салты бар ақ көніл Қазақболып келгенім үшін, ниеті таза, пәк Қазақтың баласы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.Көргендер қызыға да, қызғана да қарайтын кең байтақ өрісті өлкемді әулие бабаларым білікпен, білекпен бізге мирас етіп қалдырды-ау!Неткен ғанибет! Ұлт екенімізді көрсететін тілімізді, дінімізді, салтымызды бізге үкілеп, аялап, мәпелеп жеткізді–ау! Шіркін, алғысымыз шексіз оларға! Кең далаға біз бас иеміз енді! ......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Шығармалар
Толық

Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің қай өңірі болмасын дамудың даңғыл жолына түсіп, жыл сайын құлпырып келеді. Бұл
қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан өтті. Оның қадіріне жету, қастерлеу, киесін ұғыну бәрімізге парыз.Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді. ......
Шығармалар
Толық

Балқаш көлі

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін, табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала, Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып, бакландармен бірге үлкен сап түзеп, көлде жүзіп жүреді. ......
Шығармалар
Толық

Cпорт — бейбітшілік елшісі, мемлекетіміздің мәртебесі

Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты....
Шығармалар
Толық

Қазақ әдебиеті | Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың ролі.

КІРІСПЕ
“Егерде талайыңа таудай бақ қонып, жас
дәуреніңді Парижде өткізсең, сосын қай
жерлерде жүрсең де, ол өміріңнің ақырына
дейін өзіңмен бірге болады, өйткені Париж
өміріңнің тойындай әманда сенің жадыңда
жүреді жаңғырып”.
Эрнест Хемингуэйдің досына жазған хатынан (1950 ж.)
Американың ұлы жазушысы Э. Хемингуэй шығармалары адам болуға, адам болғанда да жүректі адам болуға, ел-жұртқа жақсылық істеуге, жазушы ар-абыройын биік деңгейде ұстауға тәрбиелейді. Өйткені, қай жердің, қай елдің оқырманы болса да, оның шығармаларынан рухани ләззат алып, қызыққа, хикаятқа толы өмірінен мол тағылым үйренетіні анық. / 1, 67/.
Жазушының балалық шағынан бастап аңшылықпен, балық аулаумен қатар аң аулау кәсібімен айналысуы және соғыста басынан кешкен жағдайларды, айқын әрі шынайы бейнеленгеннен шығармаларында көруге болды. Оның кітаптарын оқып отырып, көп нәрсені есте сақтап, оның прозасын басқа жазушылардың прозаларымен мүлдем шатастыра алмаймыз .
Өйткені өзгеге ұқсамайтын дара стильдік ерекшелігі бар. Жазушы балалық шағын Чикагоға жақын орналасқан Оук-Парк қаласында өткізді. Хемингуэйдің әкесі дәрігер болған, ал шешесі жас кезінде музыкамен айналысып, әнші болуды армандаған .
Сонымен бірге әкесі табиғат аясында болуды ұнататын, сол себептен де ол көлдің жағасына кішкене ғана аңшылық үйін салған еді. Атасы Эрнестке мылтық сыйлап, ол сол мылтықпен аңшылыққа шыққанды жақсы көрген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ыбырай шығармаларындағы

Кіріспе

«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.
Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Табиғат жайлы көркем шығармалар

1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі
1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері
Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздегі барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң-құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғат қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Молда Мұса шығармаларының тілі

Кіріспе.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі - қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру, айқындау.
Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылады.
Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі - әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз иелеріне тиісті екені даусыз.
Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын аныктау - ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.....
Курстық жұмыстар
Толық