Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген....
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін....
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де....
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған.....
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы...
Айтыс - халық ауыз әдебиетінің осы түрі - XIX ғасырда, яғни Қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.
Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса.....
Қазіргі таңда әлеуметтік желі күн сайын даму үстінде.Әлеуметтік желінің адамдар өмірінде алар орны ерекше.Жақсыларды жағалап,асыл уақытты бағалап жүргенге не жетсін,шыны керек өміріміздің 90 пайызын әлеуметтік желіге арнап жүрміз,тіпті интернетте еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін отырады десекте артық етпес. Интернет – әлдекімге ойына келгенін жүзеге асыратын қару, әлдекімге білім мен ғылымды дамытудың басты құралы.Кейбірі дұрыс жағына....
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт. «Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: а) Санамақтар (считалки); ө) Бесік жыры (колыбелъная); б) Төрттүлік жыры (про животных); в) Ойын өлеңдер; г)Өтірік өлеңдер; ғ) Тақпақтар; д) Қаламақтар (жеребьевки); ж) Арнау-тілек (заплички); з) Мазақтама (дразнилки). Бұлайша жіктеудін негізінде өлеңдердің түр-сипаты, мазмұны алын-ғаңдығын ескерткен балалар әдебиетінің сыншысы: «Қаламақ», «Санамақ» тақпақтары жекелеген қызметтерді, ойын жүргізушіні тағайыңдау үшін айтылса, «Соқыртеке», «Үй артыңда қол ағаш», «Кім ұшты?» ойын процесінде тұтастық тауып, әр түрлі кимыл-қозғалыстармен бірлікте, ырғақта айтылады. Олардың танымдык, тілдік маңызы зор» Екі жастан он үш жасқа дейінгі бала негізінен кимыл, ойын баласы. «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күңдей нұрлы шағымда, Күнге жетем өрмелеп!» — деп келетін елең шумағын қай жастағы бала дөңгелене айтсаң, жарасымды. Тәрбиешілер арасыңда «бой сергіту өлеңдері» деген термин бар да, «тақпақ» тек қана сабақта жаттатылатын өлеңдер деген түсінік қалыптасқан. ....