Ауылым - алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары.....
Шығармалар
Толық

Дос (Достық)

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан....
Шығармалар
Толық

Адам еңбегі

Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек.....
Шығармалар
Толық

Мектеп

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне....
Шығармалар
Толық

Шоқан Уәлиханов

"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай)



Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы....
Шығармалар
Толық

Мен табиғатты сүйемін

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға....
Шығармалар
Толық

Алтын күз

Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала....
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]

I ** жыл өттi.
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
1. Кеңес Одағының Батырлары.
2. Халықтың батырлығы.
3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін.....
Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали ақын 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.
Шығармалар
Толық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан....
Шығармалар
Толық